Астана мен Алматы қалаларында мейрамханалары бар Александр Орлов Ресейде іздеуге салынды

333

52 жастағы кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Астана мен Алматы қалаларында мейрамханалары бар Александр Орлов Ресейде іздеуге салынды Фото: spot.uz

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары әйгілі ресторатор Александр Орловтың іздеуде екенін мәлімдеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ресейдің Ведомости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін, қыркүйек айында Орлов Ресейдегі активтерін сатқаны айтылды. Ол Ресейдегі "Тануки" мейрамханалар желісіндегі үлесінің үштен бірін сатты.

Сонымен қатар, жазда Александр Орлов "Bulldozer Group" мейрамханаларын Таяу Шығыстан келген атаусыз инвесторларға берді. Мәскеу облысында "Орлов моншалар" желісін жапты.

Айта кетсек, Александр Орлов – Ресейдегі ең танымал және табысты ресторатор. Тек Ресей елінің өзінде ол 76 мейрамхана құрды.

Сондай-ақ, Астанада Александр Орловтың да әйгілі "Орлов моншалары" бар. Бұдан бөлек, кәсіпкердің Астана мен Алматыдағы бірнеше мейрамханалары қызмет етеді. Оның Өзбекстанда, БАӘ-де, Гонконгта және АҚШ-та мекемелері бар екендігі де белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу