Қазақстанның ірі қалаларында ашық кеңістікте аудио жарнама жасауға шектеу қойылуы мүмкін. Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың көшелерінде жарнаманы дауыс зорайтқышпен жасауға тыйым салу қарастырылған.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл норманың қала келбетіне жағымсыз әсер ететін және тұрғындарға қолайсыздық тудыратын жарнамалардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Қазіргі заңнамада мұндай әрекеттерге қатысты ешқандай әкімшілік шаралар қарастырылмаған, сондықтан жаңа ереже енгізу ұсынылып отыр.
Еске сала кетсек, Депутат Ринат Зайытов Астанада Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін айтып жүріп жарнама жасайтын адамдар бар екен, Алматыда ән арқылы жарнама жасайтын ұжымдарды білетінін айтты