Астана мен Алматыда доллар 502-508 теңгеден саудаланып жатыр

111

Ұлттық банктің 20 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 503,61 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге. Еуро – 524,96.

Астана мен Алматыда доллар 502-508 теңгеден саудаланып жатыр Фото: freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 506,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 502 теңге. Еуро 523-530 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 508 теңге, сатып алу құны – 502 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 522 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,44-5,54 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 19 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,99 теңгеге қымбаттап, 503,39 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу