Қор нарығында доллар едәуір арзандап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 509 теңге. Еуро 520-526 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 506 теңге, сатып алу құны – 512 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18-5,28 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 11 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,66 теңгеге төмендеп, 506,25 теңге болған.