Астана мен Алматыда доллар 525-532 теңгеден саудаланып жатыр

262

Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы 1 долларға – 525,11 теңге, еуро – 546,74, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана мен Алматыда доллар 525-532 теңгеден саудаланып жатыр Фото: canva.com

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 531,5 теңге. Еуро 542-548 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 525 теңге, сатып алу құны – 532 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,80-5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 31 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,53 теңгеге қымбаттап, 525,10 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу