ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаға бастамашылық жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп инватакси қызметтерін ұсыну тетігін өзгерту туралы шешім қабылдады. Елордада осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба басталып, оған Яндекс компаниясы қатысуға ниет білдірді.
Инватакси қызметін азаматтар пилоттық жоба шеңберінде Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы қолдана алады. Жобаның ерекшелігі қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдау, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалау және сапарларды бақылаудың қарапайым жүйесі болады. Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан шығуда қалай көмек көрсетуге болатын сияқты арнайы нұсқаулар алады.
Бірінші кезеңде пилоттық жобаға Астана және Алматы қалалары қатысатын болады, ал оң нәтиже болған жағдайда бұл қызметті ел аумағында іске асыру жоспарлануда.