Астана мен Алматыдан Дохаға ұшатын рейстердің саны артады

335

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады

Астана мен Алматыдан Дохаға ұшатын рейстердің саны артады Фото: fainaldea.com

Қазақстан мен Қатар арасындағы рейстер саны артып келеді, деп жазады inbusiness.kz. 

26-27 шілдеде екі елдің авиациялық билігі келіссөздер жүргізді. Қазақстан тарапынан делегацияны ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Қатар тарапынан авиациялық билік басшысы Мохамед әл-Хаджри басқарды.

Келіссөз қорытындысы бойынша рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейтетін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды:

- әр тараптан Астана және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;

- әр тараптан Алматы және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;

- "ауа еркіндігінің" 5 дәрежесін қоса алғанда, әр тараптан аптасына 7-ден 10-ға дейін жүк рейсі.

Рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21 рейстен 38 рейске дейін артты.

"Qatar Airways" әуе компаниясы жыл соңына дейін Алматы-Доха бағыты бойынша орындалатын рейстер санын күніне 1-ден 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек 2024 жылдың ортасында әуе компания Астана-Доха бағыты бойынша әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу