Астана мен Алматыдан Дубайға ұшатын рейстер қайта жанданады

370

Ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаймақ.  

Астана мен Алматыдан Дубайға ұшатын рейстер қайта жанданады Фото: unsplash.com

Air Astana Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіреді. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Air Astana 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана-Дубай-Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды:

  • Алматы-Дубай-Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін;
  • Астана-Дубай-Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.

Әуекомпания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғаны айтылды. Қажет болғанда ұшу кестесі түзетілуі мүмкін, өзгерістер туралы жолаушылар хабардар етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу