2 маусымнан бастап отандық тасымалдаушы "Fly Arystan" Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында алғаш рет тұрақты жолаушылар рейстерін іске қосады. Рейстер дүйсенбі және жұма күндері аптасына 2 рет жиілікпен "Эйрбас-А320" әуе кемелерінде орындалатын болады, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, бұл бағыты бойынша тұрақты рейстерді "Azerbaijan Airlines" әуекомпаниясы аптасына 2 рет жиілікпен орындамақ.
"Бұдан басқа бүгінде Әзербайжанға тұрақты рейстерді Алматы – Баку бағыттары бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына 2 рет, Ақтау – Баку "Fly Arystan" және "Azerbaijan Airlines" әуе компаниялары аптасына 3 рет, Ақтөбе-Баку "Qazaq Air" әуе компаниясы аптасына 2 рет орындайды. Елдер арасында орындалатын тұрақты рейстер саны аптасына 14 рейске дейін артады", - делінген хабарламада.