Астана мен Брюссель еуропалық санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін талқылады

457

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Брюссельге жұмыс сапары аясында Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жөніндегі өкілі  Жозеп Борреллмен кездесті.  

Астана мен Брюссель еуропалық санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін талқылады Фото: бейнеден скриншот

Тараптар  еуропалық санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізетін әсері  жайын талқылады. Онда Қазақстан мен Еуропа арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен инвестиция көлемінің айтарлықтай өскені  айтылды. Сондай-ақ, энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, азаматтық авиация, шикізат өндіру мен оны тиімді  пайдалану жайы да сөз болды.  

Келіссөздер нәтижесінде тараптар Қазақстан  азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде келісімге қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу