Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының көлік министрі Худоёр Худоёрзодамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстанның көлік саласындағы екіжақты өзара іс-қимылы жөніндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында Астана – Душанбе бағдарында тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін талқылады.
Бұдан бөлек, "Қазақстан темір жолы" АҚ мен "Рохи охани Точикистон" МБК ("Тәжікстан темір жолы") арасындағы ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқаны айтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу