"Астана" мен "Қайрат" Павлодарда кездеседі

777

Матчтың Павлодарға көшірілуіне "Астана Аренада" қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті себеп болған.

"Астана" мен "Қайрат" Павлодарда кездеседі

Аталған екі қарсылас арасында футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 16-туры аясындағы матч қаламыздың Орталық стадионында өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Астана" ФК-ның ресми сайтында хабарланғандай, матч 30 маусым жексенбі күні өткізіледі.  "Астана Арена" спорт кешенінің бос болмауына байланысты  Премьер-Лиганың 16-турының "Астана" - "Қайрат" матчы Павлодар қаласының Орталық стадионында өтеді. Ойын 2019 жылдың 30 маусымына жоспарланған", - делінген ресми хабарламада.

Болжамдарға сәйкес, аталған матчтың Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодарға көшірілуіне 29 маусымда "Астананың" алаңы – "Астана Аренада" қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті себеп болған. Айта кетейік, соңғы жылдар ішіндегі еліміздің ең мықты клубтар арасындағы 1-айналымдағы кездесу Алматыда өтіп, онда елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу