Астана мен Мәскеу арасында жүргізушісіз жүк көліктері қатынайды

341

Қазақстан мен Ресей басшыларына "Астана – Мәскеу" жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді.  

Астана мен Мәскеу арасында жүргізушісіз жүк көліктері қатынайды Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екі елдің көлік министрліктері "КамАЗ" жария акционерлік қоғамымен бірлесіп, жүк автокөліктерінің жүргізушісіз қозғалысын сәтті іске қосты.

Көліктер "Жаңа жол" өткізу бекеті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасын бір уақытта кесіп өтіп, межелі пунктке қарай сапарын жалғастырды.

Жүргізушісіз жүк автокөлік құралдары әлемде алғаш рет осындай форматта 3000 шақырымға жуық қашықтықты екі тәулікте жүріп өтіп, сапар уақытын екі есе қысқартты. Жаңа технологияларды қолданудың арқасында бұл бағыт екі тәулік ішінде еңсерілді.

Әріптестікті тереңдету мақсатында тараптар жобаны одан әрі дамытатын институционалдық база мен қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстарын жалғастыра береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу