Астана мен Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты мектеп оқушылары 9 ақпан күні қашықтан оқуға жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Астана қаласының және Павлодар облысының білім басқармалары мәлімдеді.
"2024 жылғы 9 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген Астана қалалық білім басқармасының хабарламасында.
Павлодар облысында да бірінші және екінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу