2 сәуірде түнде және таңертең елордада тұман түсіп, жолда көктайғақ болады.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
2 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
2 сәуірде Батыс Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 2 сәуірде Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында – 17-22 м/с.
2 сәуірде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстікте екпіні 16 м/с жетеді, 2 сәуірде Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанайда 2 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз 2 сәуірде батыста, оңтүстікте және Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтауда 2 сәуір күні күндіз шаңды дауыл тұрады.
Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, 2022 жылдың 2-6 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзен бассейндерінде оң ауа температурасының сақталуы мен одан әрі артуының болжамына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағынының салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.