Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды

210

15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті.  

Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды Фото: Flights24.ru

Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелері арқылы орындайтын болады.

"Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады", делінген ведомство хабарламасында.

"Ресми іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов, сондай-ақ Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісінің кеңесшісі Син Кюхо қатысты".

Биылғы ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесі бойынша Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу