Астана мен Сеулдің өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас

216

Кореяның жоғары оқу орындарында 1 мынан астам қазақ жастары білім алып жатыр. 

Астана мен Сеулдің өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас Фото: Ақорда

Астана мен Сеулдің өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

“Өздеріңізге мәлім, Қазақстан техникалық мамандар даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Бұған кореялық әріптестеріміз қолдау көрсетіп отыр. Елдеріміз ғылым және технология салысындағы ынтымақтастықты дамыта түсуге келісіті. Осыған орай Түркістанда Кореяның  Woosong университетінің филиалын ашу мәселесі пысықталады. Біз мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуге де баса назар аудардық. Қазақстанда тұрып жатқан корей диаспорасына өз тілін сақтап, дамытуына қолдау көрсетіледі. Осы мақсатпен екі ел аумағында тұрақты түрде мәдени шаралар өткізуге уағдаластық”, - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан азаматтары Кореяға 30 күнге дейін визасыз бара алады. 

“Астана-Сеул бағытында тікелей рейс ашылады. Әуе рейстерінің ұлғаюы екі ел арасындағы байланысты нығайта түсетіні сөзсіз. Құрметті қауым, бүгін президент Юн Сок Ёльмен маңызды әрі мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Халықаралық және өңірілік мәселелер бойынша пікір алмастық. Жаһандық үдерістерге қатысты ой бөлістік. Астана мен Сеулдің өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас. Көпжақты ықпалдастықты нығайтуда екі елде мүдделі. Біз Орталық Азия бестігімен Корея диалогын одан әрі дамытуға келістік. Қазақстан Корея Республикасының  тұжырымдамасын қолдайды. Бұл мәселе бойынша бүгінгі келіссөздер барысында кең ауқымды әңгіме болды. Мен корей тарапынан осы тараптағы алғашқы саммитті келесі жылы Сеулде өткізу туралы ұсынысын қолдаймын”, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Бұл бастама екіжақты және көпжақты ынтымақтастыққа тың серпін берері анық, деп жалғастырды ол. 

“Біз әлемдегі түрлі қақтығыстарға байланысты алаңдаушылық білдірдік. Кез келген жанжалды диалог арқылы дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін атап өттік. Оның мызғымас негізі БҰҰ жарғысы халықаралық құқық нормалары болуға тиіс. Осы ретте жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіру туралы ой бөлістік. Құрметті президент мырза, Қазақстан мен Корея арасындағы жан-жақты байланысты нығайта түсу екі елдің мүддесіне толық сай келеді. Президент Юн Сок Ёль мырзаның бүгінгі мемлекеттік сапарының ерекше мәні бар.  Бұл сапар өзара қарым-қатынасты дамытуға жаңаша серпін береді деп сенеміз. Екі елдің достығы баянды болсын”, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу