Астана мен Ташкенттің арасына тағы бір ұшақ қатынайды

499

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана мен Ташкенттің арасына тағы бір ұшақ қатынайды Фото: inbusiness.kz

"Мәселен, 2023 жылғы 3 шілдеден бастап "FlyArystan" әуе тасымалдаушысы А–320 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі) Астана-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастардың одан әрі дамуына ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу