Астана мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе рейсі ашылды

416

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы рейстер саны аптасына алтыға дейін ұлғайды.  

Астана мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе рейсі ашылды Фото: ingos.ru

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе қатынасы кеңейіп, Астана мен Ұлан-Батыр арасында жаңа тікелей рейс іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 2 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Астана – Ұлан-Батыр бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Ұшулар Boeing 737 MAX әуе кемелерімен аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Моңғолияның Hunnu Air әуе компаниясы Алматы – Ұлан-Батыр бағыты бойынша тұрақты рейстер санын арттырмақ. 6 маусымнан бастап бұл бағыттағы рейстер аптасына үш реттен төрт ретке дейін көбейеді.

Осылайша, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы екі әуе бағыты бойынша апталық рейстер саны алтыға жетеді.

Көлік министрлігі жаңа әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, іскерлік және туристік байланыстарды одан әрі дамытуға серпін беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу