Астана мен Жамбыл облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

794

Жамбыл облысында Астана күндері өтіп жатыр.

Астана мен Жамбыл облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Таразда елорданың 20 жылдығына арналған Жамбыл облысындағы Астана күндері аясында шаралар болып өтті. Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған делегация облыстағы бірнеше өндіріс объектілеріне барып қайтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Сондай-ақ, делегация гипс пен гипсокартон өндіретін "КазУпакТрейд" ЖШС мен минералды тыңайтқыштар өндіретін "Қазфосфат" ЖШС, қаладағы мәдени-тарихи мекемелерге де барды.

Бұдан басқа, Ермек Аманшаев бастаған делегация "Астана – Жамбыл облысының аймақаралық әріптестігі" дөңгелек үстеліне қатысып, сол арада іскер ортаның, даму институты мен мемлекеттік органның өкілдерімен өңіраралық кәсіпкерлерді қолдау бойынша бағдарламаны, инвестициялық мүмкіндікті, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын,  SmartCity концепциясын, экономиканы цифрландырудағы инновациялық шешім, қызмет көрсету саласын дамыту, бизнестің дамуындағы цифрлық маркетингтің ролі және т.б. мәселелерді талқылады.  

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша аймақаралық әріптестікті дамыту туралы келісім мен аймақтағы бәсекені арттыруға қол жеткізілді.

"Астана қазіргі кезде инновациялық орталыққа айналған, кездесудің басты мақсаты – өңіраралық әріптестікті дамыту. Астананың түрлі жаңа технологияларды, инновация енгізген тәжірибесімен танысып шығып, оны өз аймағымызда пайдаланып көреміз", – деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов.

Сапар барысында тауар өндіру мен өңірді дамыту институттары арасындағы әріптестік туралы 7 меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, өңіраралық әріптестікті дамыту бойынша әріптестік туралы меморандумда Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен Астананың инвестициялар және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы арасында, Жамбыл облысы цифровизациялау және жобалық басқару, инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен "Астана Innovations" АҚ, "Тараз" ӘКК" ҰК" АҚ мен "Астана" ӘКК" ҰК" АҚ арасында, "Смартнет" ЖК тұрғын үй инспекциясы мен "Лед солюшн" ЖШС тұрғын үй инспекциясы бөлімі арасында және "Оргстрой" ЖШС мен "Астана Innovations" АҚ арасында өзара түсініспеншілік пен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу