Астана мерейтойы жөніндегі өндірістік сериал түсіріледі

867

Астана мерейтойы жөніндегі өндірістік сериал түсіріледі

ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен "Первый канал" АҚ кино индустриясын және телевидение саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасасты.  Құжатқа ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен "Первый канал" АҚ бас директоры Константин Эрнст  қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Константин Эрнст, қол жеткен ынтымақтастық келісім аясындағы алғашқы жоба - екі сериал екендігін атап өтті.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы терең достық қарым-қатынасты жалғастыра отырып, біз екі жоба өндірісі бойынша шарт жасастық. Бірінші сериал кеңестік кинематографияның Алматыға эвакуациясына арналған. Онда басты кейіпкерлер Сергей Эйзенштейн мен өзге де аса көрнекті кинематографистер болады. Ал екінші жоба - Астана мерейтойы жөніндегі өндірістік сериал", - деді Эрнст.

Өз кезегінде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, "екі жаққа да перспективалы және қызықты келісімге қол жеткізілді" - деп атап өтті.

"Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Кеңес одағының іргелі киностудиясының Алматыға көшірілуіне, Алматыда аңызға айналған біріккен орталық киностудияның пайда болуы тарихына арналған бұл жобаның танымал болатындығына сенемін. Киноөнерін дамытуға белсенді қатысқан Сергей Эйзенштейн, Мәжит Бегалин және өзге де біздің мэтрлердің шығармашылығы лайықты да қызықты көрсетілуге тиіс", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, министр  Қазақстан елордасының 20 жылдық мерейтойына арналған екінші сериалдың сюжеттеріне байланысты да айта кетті. "Бұл жақсы мелодрама болады. Мысалы, бір отбасының Целиноградтың заманауи және тамаша елорда - Астанаға айналуы жайында әңгімелеуі", - деген пікірімен бөлісті министр.

Сондай-ақ ол екі жобаның да кинопрокат және "Первый канал" эфирі арқылы кең аудиторияға арналатындығын жеткізді.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу