Астана мешітінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

617

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Астана мешітінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

"Тергеу барысында күдікті Рахимов көшесінің бойында орналасқан мешітке келіп, намаз кезінде залдың ең соңғы қатарында тұрған. Сол кезде ол терезенің алдында жатқан күртешелерді байқаған. Жиналғандардың байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешелердің бірінен әмиян тауып алып, ішінен 600 АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны иемденіп алған. Кейін әмиянды күртешеге қайта салып, мешіттен шығып кеткен", делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады, ал полиция қызметкерлері заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Оның бұрын Астана аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу