Астана мешіттерінің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі пышақтап тастады

176

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

Астана мешіттерінің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі пышақтап тастады Фото: бейнеден скриншот

Астанадағы оң жағалауындағы мешіттердің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі қанжоса етіп, пышақтап тастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бейнеден ер адамның беті қанап кеткенін байқауға болады, ол қара шапан киіп алған. Полиция қызметкерлері оны қоршап, пышағын тартып алуға әрекет жасап жатыр. Полицияның біреуі қолына орындық ұстап алған.

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, азаматтың жасы 36-да. Алдын ала болжам бойынша ер адам психикалық диспансерде есепте тұрады.

"102 каналына белгісіз ер адам қолына пышақ алып, адамдарға қауіп төндіргені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция дереу жетті. 36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті. Оның пышағы тәркіленді. Тексеру кезінде анықталғандай, азамат 2006 жылдан бері психологиялық диспансерде есепте тұрады", - деп хабарлады Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу