Астана-Милан бағыты бойынша рейс ашылды

200

Жыл соңына дейін Астана-Рим бағыты бойынша рейстер ашылады деп жоспарланып отыр.

Астана-Милан бағыты бойынша рейс ашылды Фото: Pixabay.com

Енді елордалықтар Италияның Милан қаласына 7-8 сағатта бара алады. Астана-Милан бағыты бойынша әуе рейстері іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандықтар Италия еліне бір табан жақындай түсті. Алғашқы рейс бір апта бұрын ашылды. Осыған дейін тек Алматы-Милан бағыты бойынша жолаушылар тасымалданатын еді, деп жазады Qazaqstan.tv.

Жыл басында мемлекет басшысы Италиялық әуе компанияның президентін қабылдаған еді. Кездесуде екі ел арасындағы әуе қатынастарға сұраныстың жоғары екендігі, Миланға рейстерді көбейту туралы мәселелер талқыланды. Бұл Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық байланысты арттырып, туризмді дамытады деді мемлекет басшысы.

"Студенттер мен кәсіпкерлер, туристер үшін де бұл көптен күткен қуанышты жаңалық деп білемін. Астанадан Миланға 8 сағатта, Миланнан Астанаға 7 сағатта жетуге болады. Ұшаққа 330 жолаушыға дейін сыяды. Ендігі мақсат рейстер санын көбейту, екі ел арасын жақындастыра түсу", - дейді Италияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Марко Альберти.

Жыл соңына дейін Астана-Рим бағыты бойынша рейстер ашылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, алдағы уақытта қазақстандықтар Ақтаудан Индия еліне Италия арқылы қатынай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу