Астана ойын-сауық орталықтарына келушілер саны екі есеге артты

1060

Астана ойын-сауық орталықтарына келушілер саны екі есеге артты

ЭКСПО көрмесі өткен үш айда елорданың сауда орталықтары мен мен ойын-сауық орталықтарына келушілер саны артып, тәулігіне 70 мың адамға жетті. Бұл туралы Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Рысгүл Қауғабева айтты, деп хабарлайды медиа орталық.

"Сауда ойын-сауық орталықтарына (СОСО) келушілер саны бұрнағы жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Мәселен, өткен жылдардың осы кезеңінде бір күнде 33 мыңға жуық адам келсе, биыл бұл көрсеткіш тәулігіне 70 мыңды құрады. Сондай-ақ елорданың барлық сауда орталықтарында көрме кезінде кең ауқымды мерекелік шаралар өткізілді. Дәлірек айтсақ қаладағы СОСО 180-ге жуық шараны өткізді", - деді Рысгүл Қауғабаева.

Айта кетсек, Астанада 8 ірі сауда ойын-сауық орталығы жұмыс істеп тұр.

"Көрме кезінде келушілердің санын арттыру мақсатында олар кәдесый өнімдерін сататын арнайы дүңіршектер ашып, балалар демалысын дамытты. Себебі, жаз мезгілі балалардың оқу демалысына шыққан кезі болатын. Бұдан бөлек, түрлі event шаралар өткізді. Жалпы, СОСО келушілер саны мен сауда көлемінің артқаны байқалады", - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ жаз айларына елорданың бірқатар базары келішулердің жайлылығы мен қолайлығы үшін жұмыс уақытын өзгеркен болатын.

"Ал базарларды алатын болсақ, мұнда да өсім көлемі 2-2,5 есеге артты. Қала базарларына келушілер саны бір күнде 15 мыңға дейін жетті. Көрме аяқталысымен қала базарлары белгіленген кестеге сейкес, бұрынғы тәртіппен жұмыс істеп жатыр", - деді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу