"Астана – Омбы" бағыты бойынша пойыз қозғалысы 14 желтоқсанда іске қосылады

187

Пойыз аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды.

"Астана – Омбы" бағыты бойынша пойыз қозғалысы 14 желтоқсанда іске қосылады Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

2025 жылдың 14 желтоқсаннан бастап №145/146 "Астана – Омбы" жолаушылар пойызы жолға шығады. Құрамында 3 купе және 5 плацкарт вагоны бар. Бір бағытта шамамен 400 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа бағыттың ашылуы – халықтың көлікпен қатынау мүмкіндігін арттыруға, вагондар паркін тиімді пайдалануға және маршруттық желіні кеңейтуге бағытталған. Пойыз заманауи, қауіпсіздік және жайлылық талаптарына толық сай вагондардан жасақталады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 байланыс орталығына хабарласу қажет. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтер https://tablo-railways.kz/ru/ сайтындағы онлайн-таблода қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу