Астана өңірлік хабына Эстония мен Бутан қосылды

1460

Астана өңірлік хабына Эстония мен Бутан қосылды

Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың қатары Эстония Республикасы және Бутан Корольдігімен толықты. Осылайша, Хабқа қатысушы елдер саны 36-ға артты, деп жазды egemen.kz.

Қазіргі таңда Хабқа Америка, ТМД, Кавказ және ASEAN елдері және 5 халықаралық ұйым кіреді. Астана хабымен ынтымақтастық бұл елдерге мемлекеттік қызмет саласында білім алмасып, озық халықаралық тәжірибені ілгерілетіп, сарапшылар желісін арттыру бойынша бірілескен бастамалар мен шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

Хаб сарапшылар қорына 25 елдің мемлекеттік қызмет саласындағы 85 жетекші маманы енген. Хабтың тұрақты әріптестері қатарында Мемлекеттік басқару бойынша америкалық қоғам (ASPA), Азиялық мемлекеттік басқару қауымдастығы (AAPA), Сингапурдағы мемлекеттік қызмет бойынша БҰҰ Даму бағдарламасының Ғаламдық орталығы, Қытай мемлекеттік басқару академиясы сияқты беделді 30 халықаралық ұйым бар.

Астана Хабы аймақ елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы өкілетті органдарының жұмыстарын тоғыстыратын орталыққа айналды. Хаб ауқымында мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыру бойынша 600-ден астам мемлекеттік қызметші, 80-нен астам мемлекет өкілдері қатысқан 30-дан артық шара ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу