Еліміздің түкпір-түкірінен 430 қатысушы тіркелді, деп жазады Inbusiness.kz.
Олар 4 жас деңгейі бойынша және жүзудің 4 бағыты бойынша өзара мықтыны анықтайды. Атап айтқанда, жарыс бағдарламасына әртүрлі қашықтыққа баттерфляй, брасс, еркін және арқамен жүзу түрлері қосылған. 3 күнге созылатын жарыс қорытындысы бойынша жергілікті құрама жасақталып, алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалады.
Айта кетейік, балалар арасындағы бәсеке елорда төріндегі олимпиадалық талаптарға сай "Барыс Арена" басссейінінде өтіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу