Astana Open ATP 250 турнирін жанкүйерлер тамашалай алады

676

Билеттер саны шектеулі.

Astana Open ATP 250 турнирін жанкүйерлер тамашалай алады

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Open ATP 250 турнирін жанкүйерлер тамашалай алады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Кіру ASHYQ жүйесі арқылы (келушілердің "жасыл" мәртебесі болған жағдайда ғана) жүзеге асады. Көрермендер маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.
 
Негізгі кезең матчтарының билеттер құны - 3000 теңге.
Жартылай финал мен финалдың билеттер құны - 5000 теңге.
Өтетін орны: Ұлттық теннис орталығы, Тұран даңғылы 4/2 В.
 
Билеті бар көрермендерге арналған кіреберіс - Солтүстік трибуна (Орталық саябақ жақтан).
 
Astana Open бұл әлемнің Аслан Карацев, Джон Миллман, Бенуа Пер, Кристина Младенович, Элисон Ван Утвейк сынды ТОР100 теннисшілері қатысатын Халықаралық теннис кәсіпқойлары қауымдастығының (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) қолдауымен өтетін беделді ATP 250 және WTA 250 сериясының турнирлері қатарына жатады.
 
Қазақстан сапынан еліміздің ұлттық құрамасының ойыншылары - Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Анна Данилина қатысады.
 
Ерлер турнирінің финалы 26 қыркүйекте, әйелдер арасындағы турнир 2021 жылдың 2 қазанында өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу