"Астана Опера" алаяқтарға ұрынды

2102

Еліміздің бетке ұстар бас театрларының бірі өз көрермендеріне алаяқтарға қатысты шұғыл ескертумен қайырылды.

"Астана Опера" алаяқтарға ұрынды

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының мәлімдеуінше, интернет желісінде оның спектакльдері мен концерттеріне жалған билеттер сататын алаяқтар сайты пайда болған.

"Алаяқтықпен айналысатын сайт "Астана Опера" театрының қойылымдарына билеттер сатуда. Атап айтқанда, https://astana-opera.kz/ жалған сайтынан билеттер сатып алған елорда тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналды. "Астана Операның" басшылығы барша көрермендерін сақ болуға және билеттерді тек театрдың http://astanaopera.kz/ атты ресми сайтынан сатып алуға шақырады. Себебі тек сол билеттер ғана жарамды болып табылады", – деп хабарлады "Астана Опера" баспасөз қызметінің бас маманы Екатерина Романова.

Яғни, қарапайым сөзбен айтқанда, алаяқтардың жалған сайты негізгі, ресми сайттан дефисімен (-) ғана ерекшеленеді.

"Қазіргі уақытта жалған сайттың қожайындарын анықтау бойынша шұғыл шаралар қабылдануда. Және қалыптасқан жағдайды заңнамаға сәйкес тұрақтандыруға бағытталған ары қарайғы іс-қимылдар анықталуда", - деп атап өтті өз кезегінде театр дирекциясы.

Отандық опера және балет өнеріне деген қызығушылық ел ішінде де, шетелдіктер тарапынан да жыл санап артып келеді, соның нәтижесінде "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының барлық қойылымдары үлкен аншлагпен өтуде. Демек, алаяқтардың астаналық театрға ауыз салуы бекер емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу