"Астана Опера" театры "Бақшасарай бұрқағы" балетіне шақырады

363

Борис Асафьевтің хореографиялық туындысы 14-15 ақпан күндері Үлкен зал сахнасында көрермен назарына ұсынылмақ.  

"Астана Опера" театры "Бақшасарай бұрқағы" балетіне шақырады Фото: gov.kz

Сахна майталмандарымен қатар спектакльге дебюттері орын алатын жас әртістер қатысады, деп жазады inbusiness.kz.

Драмалық балеттің ең озық үлгілерінің бірі – "Бақшасарай бұрқағын" хореограф Ростислав Захаров 1934 жылы А.Пушкиннің аттас поэмасы бойынша жасады. Қойылымның бірегей нұсқасын "Астана Опера" әртістерінің жаңа буынына әлемдік балет жұлдызы Алтынай Асылмұратова жеткізе білді.

Зареманы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнел Рүстемова мен театр солисі Анастасия Заклинская таныстырады, ал Марияның бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Өнербаева мен Аделина Тулепова сомдайды. Балет труппасының жас әртісі Айдан Қалжан Гирей ханның партиясында дебют жасауға дайындалуда. Ол Щелкунчик ханзада, Сұлтан Бейбарыс, Тореро секілді жетекші партияларда өнер көрсеткенін атап өтті. Ал енді өнерпаздың қоржыны тағы бір әйгілі партиямен толыға түспек.

"Астана Опера" театры көрермендерін сағат 19.00-де асыға күтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу