"Астана Опера" театрының еуропалық турнесі аяқталды

1023

Театры еуропалық көрерменге 17 спектакль ұсынды.

"Астана Опера" театрының еуропалық турнесі аяқталды

Италияда көрермендер Чайковскийдің "Щелкунчик" және "Аққу көлі" балетін тамашалады, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

Осынау айтулы мәдени оқиға Испания мен Италияның жетекші БАҚ құралдарында жарияланып жатты. Спектакльдерді тамсана тамашалаған көрермен қауым әлеуметтік желілерде 500-ден астам пікір қалдырған.

Әртістер Қазақстанға 14 қаңтарда оралады.

Еске салар болсақ, еуропалық гастроль 2018 жылдың қараша айында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің ұлттық жауһары – "Абай" операсын орындаумен басталып, Италия мен Испаниядағы балет спектакльдерімен жалғасын тапқан еді..

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу