"Астана Операда" жарты жыл үзілістен кейін алғаш рет концерт өтті

704

VIII маусымның ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі қатысты. 

"Астана Операда" жарты жыл үзілістен кейін алғаш рет концерт өтті Фото: Серікжан Қобыланбаев

Пандемияға байланысты үзілістен кейін "Астана Опера" театры жұмысын жандандыры. Өткен тәулікте мәдени нысан шаңырағында VIII маусымның ашылуына орай гала-концерт ұйымдастырылды. 

Алайда салтанатты шараға Бас санитардың қаулысы бойынша бар болғаны 50 адам қатысты. Олардың қатарында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да болды. 

Концертке театрдың барлық құрамы атсалысқан. Солистер, оркестр музыканттары және өзгелері. Ал дирижерлік пульт тізгінін театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әлемге танымал Алан Бөрібаев ұстады. 

Басты ерекшелік театр залында орындар шахматтық тізбекпен қойылып, санитайзерлер орнатылған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу