banner

"Qazaqstan" телеарнасы "Астана" мен "Партизан" ойынын көрсетеді

956

Матч елорда уақыты бойынша сағат 20:50-де "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасыда көрсетіледі.

"Qazaqstan" телеарнасы "Астана" мен "Партизан" ойынын көрсетеді

"Астана" футбол клубы бүгін УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі екінші турдың матчын "Астана Арена" стадионында сербиялық "Партизанға" қарсы өткізбек, деп хабарлайды "Хабар24" теларанасы.

Осыған дейін "Астана" футбол клубының еурододалардағы ойындарын көрсетіп келген "QAZSPORT" телеарнасы бұл уақытта Құрлықтық хоккей лигасындағы "Барыс" - "Торпедо" кездесуін көрсетеді. Хоккей кездесуі елорда уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Аталған екі ойын бір уақытта болғандықтан, дәстүр бойынша хоккейден өз жанкүйерлерін жинаған "QAZSPORT" арнасы "Барыс" - "Торпедо" кездесуін көрсетсе, ал "Астана" - "Партизан" матчын "QAZAQSTAN" Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. 

Матчтарды qazaqstan.tv, qazsporttv.kz cайттары арқылы және QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасынан онлайн тамашалауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу