Астана-Павлодар тас жолының құрылысы 2018 жылы аяқталады

1004

Астана-Павлодар тас жолының құрылысы 2018 жылы аяқталады

Ал "Астана-Павлодар" автобанының құрылысы келер жылы толық аяқталады. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан жолдың қазір 59 шақырымы пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тас жолдың тағы 240 шақырымы ашылады. Осы мақсатта бюджеттен 105 млрд теңге бөлінген. Дәлірек айтсақ, күре жолдың әр шақырымына 600 млн теңге жұмсалмақ. Айта кетейін, "Орталық-Шығыс" дәлізі бағытын қамтитын бағдарламаға "Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен" тас жолы кіреді. Жалпы, "Орталық-Шығыс" дәзіліне 2000-нан аса техника мен 3500 адам жұмылдырылыпты.

Ерлан Жаңабаев, жоба жетекшісі: "Бұл 4 жолақтан тұратын жол 1-А санатына жатады. Ортадағы бөлгіш жолақты қоса алғанда жүріс бөлігінің жалпы ені 15 метр. Төсеменің қалыңдыңы 25 см цементті бетон. Жобалық құжаттамаға сай 58-88 шақырым аралығында 24 су жіберу құрылғысын, 2 жол өтпесі және 1 көпір салынды. Жол бойында тоқтауға демалуға арналған павильондарды барлық инфрақұрылымға сай жасадық".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу