"Астана-Петропавл" автожолында бояу тиелген фура аударылып қалды. Полиция осыған қатысты іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 21 шілдеде болды.
"Биылғы жылдың 21 шілдесінде "Астана-Петропавл" автожолында бояу тиелген "Volvo" жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді ведомстводан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу