Оқиға 26 қаңтарда сағат 13:40 шамасында "Астана – Петропавл" автожолының 18-шақырымында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, "МАЗ" маркалы жүк көлігінің тежегіші істен шығып, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Содан кейін жүк көліктеріне арналған жолақтағы төлем алу терминалына соқтығысқан.
Оқиға салдарынан "ҚазАвтоЖол" компаниясына материалдық залал келтірілді.
Атап айтқанда, төлем терминалы механикалық зақымданып, құрылымның орналасу тығыздығы мен геометриясы бұзылған, көлік құралдарының өтуін тіркеу жабдықтары істен шыққан, сондай-ақ электр қуаты мен байланыс кабельдері үзілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу