Байқауға 7-17 жас аралығындағы дарын иелері қатысты. Бас жүлде Алматы қаласынан келген 15 жастағы Жұлдыз Ержеңіске бұйырды. Жеңімпазға 3 млн теңге ақшалай сыйлық берілді.
"Небір дарынды ұл-қыздарымыз сәнді сахнада өнер көрсеткен гала-концерт өте жоғары деңгейде өтті. Еліміздің атын әлемге танытатын тума таланттар осындай аламандарда шыңдалады. Жүлдеге қол жеткізген барлық жеңімпазды шын жүректен тағы да құттықтаймын!", - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Айта кету керек, бұл байқау республикалық деңгейде алғаш рет өткізілген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу