Астана полицейлері 14 велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады

706

Күдікті бұған дейін де ұқсас құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Астана полицейлері 14 велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады

Астана полицейлері 14 велосипед ұрлады деген күдікпен Қарағанды облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам үйлердің кіреберістеріне кіріп, ұрлаудан қорғайтын арқандарды кесіп, олжасымен бірге оқиға орнынан ізін суытып жүрген.

Баспасөз қызметінде мәлім еткендей, ұрланған велосипедтер арзан бағамен сатылған. Қазіргі уақытта полицейлер велосипедтерді алу және заңды иелеріне қайтару бойынша шаралар өткізіп жатыр.

Күдікті бұған дейін де ұқсас құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Аталған деректерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-ші бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат Астана қаласы ІІД-нің уақытша тергеу изоляторына жіберілді. Күдіктінің елорда аумағында басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу