Астана полицейлері ата-аналар мен интернетті кінәлайды

1632

Астана полицейлері ата-аналар мен интернетті кінәлайды

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың ең көп таралған түріне ұрлық – 76 оқиға, тонау – 49, алаяқтық – 10 және 7 бұзақылық жатады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте Астана қаласының ПД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Тахир Абдурахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"2018 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Астанада жасөспірімдер қылмысы 18,8% 138-ден 164-ке көбейді. Тіркелген 164 қылмыстық істің 93-і биыл жасалған. 71 қылмыс өткен жылдары жасалған. Негізінен әлімжеттік сипаттағы ұялы телефон мен планшеттерді тартып алу қылмыстары көп кездеседі", - деді ол.

2017 жылмен салыстырғанда кәмелетке толмағандар саны 35 мыңға көбейді, оның ішінде 14 пен 18 жас аралығында 2651 адам бар.

Оның айтуынша, қылмыс көрсеткішінің көбеюіне ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы, отбасыдағы теріс тәрбие, жасөспірімдерді ересек адамдардың қылмысқа итермелеуі және профилактикалық жұмыстардың жеткілікті болмауы себеп болып отыр.

Бұған қоса, балалардың психикасының бұзылуына интернет көп әсерін тигізіп отыр.

"Қатыгездік элементтері бар фильмдер мен балалар өздері қылмыскердің рөлін ойнаған желілік ойындардың салдары да болады", - деді Тахир Абдурахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу