Астана қаласы полиция департаменті ұрылар ашық қалған автокөліктерді аңдып жүретінін айтады.
Сондықтан көлікті тұраққа қою кезінде есіктердің жабылғанын, орталық құлып пен дабыл қағу құрылғысының жұмысын тексеріп, автокөлікте құнды заттарды қалдырмауды, дабыл жүйесімен жабдықтауды ұсынады.
"Рейд барысында бір түн ішінде ашық күйде қалған 40-тан астам автокөлік анықталды", – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу