Астана полицейлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтті

175

"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Астана қаласында "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана полицейлері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейтті Фото: gov.kz

Осыған байланысты елордалық полиция отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жұмысты күшейтті.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-профилактикалық іс-шара барысында құқық бұзушылық фактілерін анықтау, есепте тұрған тұлғаларды тексеру, құқық қорғау органдарының ерекше бақылауындағы отбасыларға, қорғау нұсқамасы шығарылған адамдарға, сондай-ақ алкогольді теріс пайдаланатын және есірткі тұтыну деректері бойынша есепте тұрған тұлғаларды тесеру жұмыстары жүргізілуде.

Профилактикалық шаралар күшейтіліп, рейдтер, үй аралау, тұрғындармен түсіндіру әңгімелері ұйымдастырылуда.

Құрамына учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық полиция қызметкерлері және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшелерінің мамандары кіретін мобильді топтар құрылды.

Полицейлер жәбірленушілерге арналған анонимді қолдау қызметтерінің байланыс нөмірлері, психолог кеңесін алу мүмкіндіктері туралы ақпаратты белсенді түрде таратып жатыр. Ақпараттық буклеттер үлестіріліп, көпқабатты үйлердің ортақ чаттарына хабарламалар жіберу арқылы профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Соңғы 2 күнде осындай шамамен 3 мың хабарлама жолданып, қатарынан 700 тұрғын үй араланған.

Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын, жеке шекаралары мен қауіпсіздігін бұзуға жол бермеу, оның ішінде сталкинг – адамның еркінен тыс, қайталанатын және мазалайтын қудалау фактілерінің алдын алу бойынша түсіндіру жүргізілуде. 2026 жылдың басынан бері елордада сталкингке қатысты 8 дерек тіркеліп, әрбір өтініш бойынша тиісті процессуалдық шаралар қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу