Астана полициясы тұрғындарға үндеу жасады

451

Астана полиция департаменті елорда тұрғындарына ауа райының нашарлауына байланысты үндеу жариялады.  

Астана полициясы тұрғындарға үндеу жасады Фото: polisia.kz

Ресми мәлімет бойынша, 20 ақпан күні елордада 120 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жол ережелерін, қауіпсіз ара қашықтықты, көлікті басқару және көліктің екі жақ жанының интервалын қатаң сақтаңыздар. Көлік иелеріне жылдам бұрылу, тез жүру және кенеттен тежегішті басу сынды әрекеттерден бас тарту керек, себебі ол ауа райы қолайсыз кезде көлікті басқара алмау оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін. Сонымен бірге көлікті айдаған сәтте гаджеттерді пайдаланбаған абзал. Жол жүргендеріңізде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қосымша шара қабылдау мәселесіне баса назар аударыңыздар", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұдан бөлек тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерді жолды кесіп өткенде гаджеттерге қарамауға, құлаққапты шешуге және жақын арада келе жатқан көлік жоқ екеніне толығымен көз жеткізуге шақырды. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, қауіпсіздік шаралары жол-көлік оқиғалары санын барынша азайтуға жол ашады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу