Астана полициясына жаңа бастық келді

3462

Президент әкімшілігінің келісімі, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Нұр-Сұлтан полиция департаментінің бастығы лауазымына Марат Төлебаев тағайындалды. 27 қаңтарда ІІМ басшысы оны жеке құрамға таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Астана полициясына жаңа бастық келді

Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Сәденов таяуда ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

"Біздің астанамыз қарқынды өсіп, дамып келеді, оның тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Марат Төлебаевтың мол тәжірибесі бар. Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін жалғастырып әкететініне сенімдімін. Оның ішінде халықпен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, полиция қызметін цифрландыру және қылмысқа қарсы күрес жүргізу өте маңызды. Біздің елордамыз әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарында болуы тиіс", - деді министр Ерлан Тұрғымбаев. 

Марат Сағынтайұлы Төлебаев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарындағы қызметін Қостанай облысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастады. Әр жылдары елордада полиция департаментінің бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды. Қостанай облысы және Нұр-Нұлтан полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментін басқарды. Полиция генерал-майоры деген атағы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу