"Astana Pro Team" командасының үлесі канадалықтарға сатылады

642

Бұдан былай "Самұрық-Қазына" ҰҚ" АҚ команданы тек 50 пайызға қаржыландырады.

"Astana Pro Team" командасының үлесі канадалықтарға сатылады

"Астана" вело командасының жартысы канадалықтарға сатылатын болды. Бұл туралы "Samruk-Kazyna" қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты 2021 жылдың қаңтарынан бастап команданың атауы өзгереді. Нақтырақ айтсақ,  "Astana Pro Team" ұжымы енді "Astana-Premier Tech" деп аталады. Бұдан былай "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры команданы тек 50 пайызға қаржыландырады. Сондай-ақ болашақта велокоманда өзін-өзі қамтасыз етіп, "Әлемдік Тур" жарыстарына тәуелсіз ұжым ретінде қатысатын болады.

Айта кетейік, биылғы жылдың қазан айында "Самұрық-Қазына" қоры "Астана президенттік" клубына кіретін бірнеше спорттық ұжымды тікелей қаржыландыратынан хабарлады. Бұған дейін командаларды қаржыландыру осы ұйым арқылы жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу