Astana Pro Team велокомандасы жаңа құрамын таныстырады

770

Astana Pro Team велокомандасы жаңа құрамын таныстырады

Астанада 11 желтоқсанда Astana Pro Team кәсіби велокомандасының жаңа құрамы таныстырылады. Бұл туралы "Астана" президенттік клубы хабарлады.

Салтанатты шара барысында жаңа "Argon 18" маркалы велосипед көрсетіледі. Бұл велосипед келер жылы өзінің дәстүрлі жасыл-көк түсін сақтап, заманауи келбетке өзгертіледі. Команда Moa фабрикасынан арнайы киім тігуде жаңа технологияларды ұсынып отырған Giordana компаниясына ауыспақшы.

Спорттық құрал-жабдықтан бөлек 2017 жылғы жаңа құрам да көпшілік алдында жария етіледі.

"Бұл жолы жылсайынғы таныстырылымның тұрпаты өзгеріп, басқа да жәйттермен қатар әлеуметтік мәселелер де айтылады. Іс-шараның бағдарламасында спортшылардың балалар үйіне барып, елорданың спорт мектептерінің шәкірттерімен кездеседі", – деп атап өтті клубтың баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу