"Астана Про Тим" әлемдік "Омлууп Хет Ньюзблад Элит" турына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған классикалық жарыс Бельгияда 29 ақпан күні басталады. Жарысқа қатысатын "Астана Про Тим" командасының спортшылар құрамы: Алекс Аранбуру, Мануэле Боаро, Лауренс Де Вриз, Фабио Феллине, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев және Уго Уль.
Доданың спорт директорлары: Стефано Занини және Бруно Ченьялта.
Омлоп Хет Ниувсблад – бұл жыл сайын өтетін бір күндік классикалық жарыс. Бельгияның Шығыс Фландрия аймағында дәстүрлі түрде өтеді, елдегі велосипедтер маусымы осы турдан басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу