"Астана Про Тим" "Тур де Франс" додасын мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр

608

Команданың спорттық менеджерінің айтуынша, бұған интернеттің дұрыс істемеуі себеп болған.

"Астана Про Тим" "Тур де Франс" додасын мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр

Жаттығу жиынындағы интернет байланысының нашарлығына байланысты "Астана Про Тим" виртуалды "Тур де Франс" додасын мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр, деп жазады Olympic.kz.

"Команда 2020 жылғы маусым алдында Сьерра-Невадада жаттығу жиынын өткізуде. Кеше, үшінші кезең барысында біз интернеттің дұрыс істемеуіне байланысты біраз қиындыққа тап болдық. Жарысты ұйымдастырушылармен бірге мәселені шешуге тырыссақ та, тауда байланыс онша емес. Сол себепті, біздің спортшылар кешегі кезеңді аяқтауға мәжбүр болды. Әрі қарай маусым дайындығын жалғастыруға тырысамыз. Ниццада, нағыз "Тур де Франста" кездескенше",– деп жазды команданың спорттық менеджері Дмитрий Фофонов. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу