Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кездесу желтоқсанға шегерілді

820

СІМ кепілгер елдердің жауабын күтіп отыр.

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кездесу желтоқсанға шегерілді Фото: sputniknews.kz

Кезекті кездесу Нұр-Сұлтан қаласында желтоқсан айының басында өтеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады. 

Бұған дейін жиын қазан айының соңында өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ конституциялық комитеттің жиналысына байланысты кейінге қалдырылып отыр. 
"Желтоқсанда өтіп қалуы әбден мүмкін", – деді Мұхтар Тілеуберді. 

Оның айтуынша, қазір СІМ кепілгер елдердің – Ресей, Түркия және Иранның ресми жауабын күтуде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу