Астана процесі Сирия халқының бейбіт өмірге деген үмітін қайта оятты

663

Астана процесі Сирия халқының бейбіт өмірге деген үмітін қайта оятты

Астана процесі 6 жыл бойы соғыс зардабын тартып келе жатқан Сирия халқының бейбіт өмірге деген үмітін қайта оятты. Бұл туралы бүгін Астана процесі үшінші раундының аяқталуына орай өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың толық қолдауымен және тікелей атсалысуымен басталған Сирияға қатысты Астана процесінің үшінші раунды осы елдегі атысты доғару режімін нығайтуға, сонымен қатар әскери және гуманитарлық мәселелерді талқылауға бағытталды. Кепілдік беруші мемлекеттер Ресей, Түркия және Иранның жоғары лауазымды делегациялары Астана платформасында осыған дейін әскери салада қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылап, Сириядағы дағдарысты реттеу жөнінде үшжақты өзара іс-қимылды нығайту жолдарын қарастырды", – дейді ол.

Оның айтуынша, Женева процесінің ажырамас бөлігі саналатын бұл келіссөз 6 жыл бойы қарулы қақтығыс зардабын тартып келе жатқан Сирия халқының бейбіт өмірге деген үмітін қайта оятқан.

"Қазір халықаралық қоғамдастық Астана процесіне зор сенім артып, мұнда қол жеткізілген уағдаластыққа жоғары баға берді", – дейді Камалдинов.

Айта кетейік, бұған дейін Сирияға қатысты Астана процесінің бірінші кезеңі 23-24 қаңтарда ұйымдастырылған болатын. Ал 16 ақпанда келіссөздің екінші кезеңі өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу